Құжат бизнестің барлық сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Оны әзірлеуге кәсіпкерлер, сарапшылар Парламент депутаттары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен Президент Әкімшілігінің өкілдері тартылады. Жалпы Қазақстанда құны 10 трлн теңгеден астам тауарлар мен жұмыс және қызмет түрлерін локализациялау әлеуеті бар. Олардың бір бөлігін орта бизнес кәсіпорындары иегере алады. Бұл бағытқа серпін беру үшін отандық өнімдерге тапсырыс берушілердің тізбесін кеңейту жоспарланып отыр.
Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:
- Орта бизнесті нығайту үшін барлық бағыт, атап айтқанда, салық бойынша, әкімшілік және басқа да ынталандыру құралдарын қарастыруымыз керек. Бұл жұмыспен қамтылғандар қатарын арттыруға және кәсіпорындар қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қорғауға, ашықтықты кеңейтуге және жалпы экономикамызды дамытуға және әртараптандыруға ықпал етеді.
Ұлттық экономика министрлігінің дерегіне сәйкес қазіргі таңда елімізде 2 910 орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Олардың ЖІӨ-дегі үлесі – 6,3%. Бұл кәсіпорындарда шамамен 380 мың адам жұмыспен қамтылған.