ҚР Президенті БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

ҚР Президенті БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтады. Президент отандық баспасөздің ел тұтастығы мен татулығын нығайту жолындағы елеулі рөлін атап өтті. Сондай-ақ бүгінгі таңда, әсіресе әлеуметтік желілерде, интернетте жалған ақпарат көп кезеңде журналистердің шынайы әрі сыни көзқарастары түрлі келеңсіздікке тосқауыл болатыны айтылды. «Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Сіздердің мақалаларыңыз бен сюжеттеріңіз, журналистік зерттеулеріңіз осы бастамаға үлес қосары сөзсіз», – деді Мемлекет басшысы өз құттықтауында. Айта кетейік, елімізде жыл сайын БАҚ санымен бірге олардың таралу аумағы да артып келеді. Бүгінде республикамызда ресми түрде 5189 ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде 3700-ге жуығы мерзімді баспа басылымы, 84-і радио болса, телеарналар саны 190-нан асады.