ҚР Премьер-Министрі Қостанай өңірінің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты

ҚР Премьер-Министрі Қостанай өңірінің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты

Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау және агроөнеркәсіптік кешен. Қазақстанның Премьер-Министрі Қостанай өңіріне жұмыс сапары барысында экономиканың осы секторларындағы әлеуетімен танысты. Аталған аймақта 11 айда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2,5 трлн теңгеге жеткен. Жалпы құны 125 млрд теңгенің 6 индустриялық жобасы іске қосылды. Олжас Бектенов ең алдымен облыстағы Соколов-Сарыбай таукен байыту кәсіпорынына соғып, өндірістік бірлестіктің жұмысын көрді. Зауыт жылына 35 млн тонна кен өндіруге қауқарлы. Шикізат ішік нарықты қамтамасыз етумен қатар, Ресей мен Қытайға экспортталады. Үкімет басшысына ыстық брикеттелген темір өндіруге бағытталған зауыт салу жобасы таныстырылды. Оны 2028-ші жылдың соңына дейін іске қосу көзделіп отыр. Жобалық қуаты жылына 2 млн тоннаны құрамақ. Инвестиция көлемі 500 млрд теңгеден асады.


Сергей Кузьменко, ERG Темір кені дивизионының басшысы:


- Біз үшін бұл шын мәнінде маржиналды қайта бөлумен өнім шығаруға мүмкіндік беретін серпінді жоба. Өйткені, бұл бастама домна пештерін өзгертуді қажет етпейді. Қолданыстағы пештерде өндірілетін өнім. Сондықтан жаңа өндірістің шығыны аз, пайдасы мол болады деп ойлаймыз.


Бүгінде Қостанай облысы елде машина жасау саласымен көш бастап тұрған өңір. Индустриялық аймақта салынып жатқан жаңа Kia зауыты бұл бағыттағы дамуын үдете түспек. Оның толық қуаты жылына 70 мың көлік құрастыруға жеткілікті болады деп күтілуде. Мұнда жиналған темір тұлпарларды Орталық Азия және өзге де елдерге өткізу көзделген. Зауыт толық өндірістік циклда жұмыс істейді. Жоба құны 200 млн долларды құрады. Оның 80%-ке жуығы тікелей шетелдік инвестиция. Сондай-ақ Олжас Бектенов аймақтың ауыл шаруашылығының әлеуетімен танысты. Биыл аталған саланы дамытуға 175 млрд теңге қаржы бағытталды. Алдағы екі жылда агроөндірістік кешенде 96 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Сонымен қатар Үкімет басшысына диірмен кешенін салу жобасы таныстырылды.


Сайлаубек Әлішев, Диірмен кешенінің директоры:


- Ұнды үш сортта шығарамыз – жоғары, бірінші екінші сорт. Сататын елдеріміз - ол Өзбекстан мен Ауғанстан. Бұл мекеме тек 45% Қазақстан бойынша өзінің өнімін шығарып жатыр. Енді жаңа сапа шықан соң Араб Әмірліктеріне шығатын ниетіміз бар.

Жеңіс Ермұқанов 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?