Құрамы жаңартылған Мәжілістің алғашқы сессиясы аяқталды

Халық қалаулылары әрбір жалпы отырыста орта есеппен 30 дейін депутаттық сауал жариялап отырған. Оның бәрі дерлік елді алаңдатып отырған аса өзекті мәселелер. Бұл сессияда мәжіліс 31 заң қабылдап, мақұлданған құжаттардың үштен біріне өздері бастамашылық етті. Қоғамдық бақылау, Заңсыз активтерді мемлекет меншігіне қайтару мен жол қозғалысын ұйымдастыру, сұйылған газ айналымын реттеу және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы заңдарын қабылдауға ұйтқы болды. Өкілеттігі күшейтілген Мәжіліс Жоғары аудиторлық палатаның есебін тыңдады. Еске салсақ, VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясы биыл 29 наурызда ашылған болатын.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Осы сессия аяқталып қалды. Алда өңірлерге сапарлар, халықпен кездесулер күтіп тұр. Барлық өңірде, шалғайдағы ауылдар мен елді мекендерде кездесу өткізуге тиіспіз. Басты мақсатымыз – елдің ортасында болып, түйткілдерді шешуге көмектесу, өңірлермен байланысты нығайту. Жазда атқарылған жұмыс келесі сессияға оң әсерін тигізеді деп санаймын.