Украинадан тағы 49 жүк көлігі шығарылды – ҚР ИИДМ

Қазақстандық меншік иелеріне тиесілі 57 жүк автокөлігінің 49-ы Украинадан шығарылды. Осылайша бұл елдің аумағында отандық 8 жүк көлігі қалып отыр. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар Украинада еліміздің азаматтарына тиесілі 1 457 жүк вагоны тұр. Оларды басқа бағыттарға жіберу жұмыстары жалғасуда. Халықаралық тасымалдарда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін тиісті министрлік, «Қазақстан темір жолы» ҰК, еліміздің теңіз порттары жанынан «Жедел желілер» ашылды. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.