Әлемнің 70-тен астам елінде маймыл шешегінің 14 мыңға жуық жағдайы тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Инфекцияның басым бөлігі әлі де Еуропада анықталуда. Маймыл шешегіне шалдыққандардың басым бөлігі - ер адамдар. Халықаралық ұйым Төтенше жағдайлар комитетінің отырысын өткізуді жоспарлап отыр. Жиында осы вирустың өршуі халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайға жататындығын анықтауға ниетті.