Бір түп сексеуіл 4 тонна құмды тоқтата алатын күшке ие. Сондай-ақ аң-құстың паналауына жағдай жасап, жер құнарын арттырады. Шөлейттенумен күрес мақсатында Түркістан облысының қорықшылары осы өсімдік алқабын ұлғайтуда. Мәселен, былтыр Қызылқұм шөліндегі «Байырқұм» орманшылығының 3600 гектар жеріне сексеуіл дәні себілді. Нәтижесінде шөлді аймақта құм көшкіні басылып, Қызыл кітапқа енген қара құйрық пен бұлдырық, жиек, дуадақ құстарының да саны көбейе түскен.
Бағдат Қырқынбай, «Байырқұм» орман шаруашылығы басшысының көмекшісі:
– Шаруа қожалықтарына және жеке тұлғалардың шаруаларының малдарына пана әрі күннің ыстығында көлеңке болады.
Абзал Рахымов, «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау» ММ директорының орынбасары:
– Бұл екпе, сеппелер 5 жылдан кейін орман қоры жеріне көмкерілген алқапқа өтеді. Сексеуілді алқапта құм көшкіні болады ау деген жерлеріне көбіне сол жерлерге ұйымдастырып, өткізіледі. Ондай жерлерді анализге береміз. Топырағын тексеріп, қорытындысы бойынша егуге болатын болмайтынын анықтап егіледі.
Мамандар аймақ экологиясының жақсаруын сескеуіл алқабының ұлғаюымен байланыстырады. Енді қайсар өсімдікті сақтап қалу мақсатында күзгі өрт қауіпсіздігінің алдын-алу жұмыстарына қызу дайындықты бастамақ. Ол үшін аймаққа 9 бекет орнатылды.