Коронавирусқа қарсы вакциналау туралы не білу керек?

Коронавирусқа қарсы егу науқаны басталғалы вакцинаның айтарлықтай кері әсері тіркелген жоқ. Бұл жөнінде баспасөз мәслихаты барысында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті.

Оның айтуынша, елордада ақпан айында 2030 доза вакцина салу жоспарланған. Бүгінгі күні 719 адам коронавирусқа қарсы екпе алып үлгерген. Ең алдымен, қатерлі індетті жұқтырып алу қаупі жоғары медицина қызметкерлеріне салынған. Әзірге вакцинация 5 қалалық емханада жүргізілуде. Келешекте халықты жаппай егу науқаны басталған сәтте 36 ұйымда емшара бөлмелері ұйымдастырылатын болады. Қазіргі таңда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасында вакцинаның 1 531 дозасы бар.

Тимур Мұратов екпе ерікті түрде, әр адамның құқығын сақтай отырып жасалатынын еске салды.

ТИМУР МҰРАТОВ, НҰР-СҰЛТАН Қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Еске салайық, тұрақты профилактикалық егулерге және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға коронавирусқа қарсы екпе салынбайды. Сондай-ақ, коронавирустың ауыр жағдайы және симптомсыз белгілері бар адамдар екпе алуға жатпайды. Жұқпалы ауруы бар науқаспен, оның ішінде коронавируспен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғанға дейін вакцина алмайды.

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов