Қазақстанда карантинде болу мерзімі қысқартылды. Науқастың 7-ші тәулікте тапсырған ПТР-тестінің нәтижесі «теріс» болған жағдайда, өзін-өзі оқшаулау мерзімінен бұрын тоқтатылады. Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Министр егер науқас бір аптадан кейін ПТР-тестін қайта тапсырмаса, онда оның карантині 10-шы күні аяқталатынын түсіндірді.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Омикрон нұсқасынан туындаған коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы мен ағымының ерекшеліктерін ескере отырып, карантин және «Ashyq» қосымшасындағы мәртебенің өзгеру мерзімдері қайта қаралды.