Короновирус бүкіл әлемге тарады да, қалалардағы қалыпты өмір салтты өзгертті. Оның экономикаға тигізген кесірін есептеп жатудың өзі қиын. Пандемия ең алдымен халықаралық сауда-саттыққа айтарлықтай кесірін тигізді. Дүниежүзілік сауда ұйымының экономистері әлемдік экономикада 2008-2009 жылдарда болған дағдарыстан да қиын жағдай болады деп болжайды. Енді халықаралық сауда-саттық қашан қалпына келеді? Әлем елдерінің үкіметтері дағдарысты қалпына келтіру үшін қандай тиімді жолдарды ұсынады? Женевадағы Дүниежүзілік Сауда Ұйымының ақпарат және сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы Кит Роквел осы сауалдарға IMPACTFUL бағдарламасында Ләззат Шатаеваға жауап береді.