Коронавирус балалар үшін қауіпті емес деген пікірге қарамастан, COVID-19 жұқтырған әрбір 9-шы адам – бала немесе жасөспірім. Пандемияның нақты салдары қандай? Сапасыз білім, психоэмоционалды күйзеліс, кедейлікке шалдыққандар санының өсуі... Мұның бәрі «жоғалған ұрпақтың» пайда болуына әкеп соқты.
ЮНИСЕФ бірнеше жылдан кейін адамзат үшін басты қандай қауіп болатынын ескертті. «Ләззат Шатаевамен маңызды әңгіме» бағдарламасының ерекше форматтағы жаңа шығарылымында балалар үшін пандемияның ұзақмерзімді салдары қандай болатынын білдік. Ол туралы БҰҰ-ның балалар қорының екі өкілі сөз қозғайды. Білім мәселесі жөніндегі ЮНИСЕФ жаһандық бағдарламасының басшысы Роберт Дженкинс және ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.
Пандемия Қазақстандағы білім жүйесіне қалай әсер етті, ата-аналардың рөлі қандай, интернет қашан қолжетімді болады, көптеген оқу орны әлі күнге дейін неге жабық және вакцинасына жұмыстың қайта жандануына қалай әсер етеді? Маңызды мәселелер Ләззат Шатаеваның авторлық бағдарламасында талқыланады.