Бір жыл бұрын адамзат қауіпті жаңа коронавирусқа тап болды. Пандемия салдарынан жаһандық өзгеріс көбейді. Ол біздің өміріміздің әлсіз тұсын ашты. Кедейлік, жұмыссыздық, медицина мен білім сапасы анық көрініп, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен гендерлік теңсіздік белең алды. Адамзат бұл пандемиядан қандай сабақ алды? Неліктен қазір тұрмысы нашар жандар мен әйелдерге назар аудару керек? Вакцинация кімге қолжетімді болады және ол қаншалықты қауіпсіз? Неліктен қызғылт сары түс осы жылдың символына айналды? Impactful бағдарламасының жаңа шығарылымында осы сауалдарға Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаела Фриберг-Стори ханым жауап береді. COVID-19-бен өткен жыл мен алдағы болжам туралы Ләззат Шатаеваның авторлық жобасынан біле аласыз.