COVID-19 салдарынан әлемнің 190 елінде 1,6 млрд оқушыға жуық оқу орнына барып білім алу мүмкіндігінен айырылды. ЮНЕСКО осындай ақпарат таратты. Біздің мемлекет те солардың қатарында.
Алайда пандемия технологиялық инновацияларды жандандырды. Жаңа жағдай оқытудың жаңа түрін талап етуде. Бағдарламаның жаңа шығарылымында коронавирус әлемдегі және Қазақстандағы білімге қалай әсер еткенін біле аласыз.
Болашақ білімі қандай болады? Ол несімен ерекшеленеді? Білім саласындағы теңсіздікті жою жолы қандай? Неге педагогтерге инвестиция жасау керек және әлеуметтік ортаны қалай қалыптастыруға болады? Ковидтен кейін қандай дағдыларға сұраныс артады?
Бағдарлама қонағы – экономикалық ынтымақтастық жән даму ұйымының өкілі Андреас Шлейхер. Ол қазақстандық білім сапасын бағалап, пандемияның не нәрсеге үйреткенін түсіндіреді. «Ләззат Шатаевамен маңызды әңгіме» жобасынан көріңіздер!