Коронавирусты зерттеу үшін оның ақуыздарының бірінші партиясы 18 наурызда Халықаралық ғарыш станциясына жіберледі. Ресей Биотехнологиялық зерттеу зертханасы өкілдерінің айтуынша, бұл эксперименттер сериясы болмақ. Алғашқысы сегіз күнге созылады. 3D биопринтер арқылы COVID-19 ақуызының кристалдарын өсіру жоспарланып отыр. Содан кейін оның үлгілері Жерге қайтарылады. Мұнда олармен тағы да 1,5 ай түрлі эксперимент жүргізіледі. Жоспар бойынша келесі партиясы күзде жіберілмек.