Eurovision халықаралық ән байқауы биыл көрермендердің қатысуымен өтеді. Нидерланд билігі осындай шешім қабылдады. Алайда келген қонақтардың саны шектеулі болмақ. Шамамен 3,5 мың адам деп жоспарланып отыр. Жанкүйерлер де, қатысушылар да коронавирусты анықтайтын тест тапсыратын болады. Тесттің теріс нәтижесінен бөлек, өнерпаздар 5 күндік карантиннен өтуі керек. Ал жанкүйерлермен қарым-қатынаста болуға тыйым салынған.
Айта кетейік, ән байқауы осы жылдың 18 мамырында басталып, 22-сі аяқталады.
Ақпарат көзі: 24.kz