Kids Go Free бағдарламасы арқылы 600-ден астам бала тегін ұшақ билетімен қамтылды

Осылайша, ел ішіндегі саяхатты таңдаған 300-ден астам қазақстандық отбасы 26 млн теңгеге дейін үнемдей алды. Мәдениет және спорт министрлігі атап өткендей, бағдарлама аясында орта есеппен бір турда екі бала саяхаттайды. Ал маусым айында ең тиімді саяхат Астана – Шымкент – Астана бағыты бойынша тіркелген.

 

Ақмарал Меңлібек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі комитеті жүйелі шараларды іске асыру басқармасының бас сарапшысы:

- Kids go free – Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген отбасылық туризмге арналған бағдарлама. Бағдарламаның операторы – Kazakh Tourism ұлттық компаниясы. Қазақстандықтар туристік оператордан ел ішіндегі бағыттар бойынша туристік пакет сатып алғанда 2 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға тегін авиабилет ала алады.