Оның 22-сі алтын, 65-і күміс, 121-і қола.
Еліміздің жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары ең беделді 7 зияткерлік
сайыста өз білімдерін көрсетуде. Атап айтар болсақ, бұл биология, химия,
математика, физика, информатика, география және тіл білімі бойынша сайыстар.
Жақында республика құрамасы Күншығыс елінде физика-математика пәндері бойынша
ұйымдастырылған халықаралық білім додасынан жеңіспен оралды. Бұл олипиадада
оқушылар екі күміс және төрт қола медальмен қанжығасын майлады. Сондай-ақ қазақстандық
оқушылар БАӘ-де биология бағыты бойынша өткен халықаралық олимпиадада жүлделі
орындарға ие болды.
Гүлсара Мұқаш, И.О. «Дарын» РҒПО зияткерлік
шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жетекшісінің м.а.
- Халықаралық олимпиадаға 4 қатысушы қатысты.
Бұлар іріктеуден өткен балалар. Биыл төртеуі де 100% жүлдеге ие болды. Оның
екеуі күміс, екеуі қола медаль. Балалардың айтуынша, біздің дайындықтарымыз
оларға көп көмектескен. Оның барлығы жетекші оқу орындарында өткізілді.
Алда тағы төрт олимпиада бар. Оқушылар химия, география, информатика және лингвистика
пәндері бойынша әлемнің өзге де үздіктерімен бәсекеге түседі. Жарыс Швейцария,
Индонезия, Венгрия және Болгарияда өтеді.
Нұрлан Жұмакелді, «Дарын» РҒПО директорының
орынбасары:
- Соңғы 3 жылға тоқталып өтетін болсақ,
былтырғы жылы біздің 31 бала барып, 27 медаль әкелді, одан алдыңғы жылы – 2021
жылы – 31 бала 26 медаль әкелген. Биылғы жылы да 31 бала барды. Алдымызда Алла
жазса 4 Олимпиада тұр, жақсы жетістікке жетеміз деп есептейміз. Бұл халықаралық
дәрежеде бағаланатын Олипиадаларды ғана айтып оытрмын. Одан басқа да
халықаралық Олимпиадалар да бар, оларға да мемлекетіміздің атынан оқушыларымыз
үзбей қатысып отырады.
Сарапшылардың пікірінше, халықаралық
олимпиадалардағы жеңістер ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі
мен сапасының жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Жарыс жеңімпаздары еліміздің
үздік университеттеріне түсіп, ең озық технологиялар мен жаңа білімге қол жеткізе
алады.