Елордада «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті.
Он бірінші рет өткізіліп жатқан аталмыш шарада «Хабар» Агенттігінің журналисі Ақбөпе Тәңірберген «Жылдың үздік тележүргізушісі» номинациясына ие болды.
Бұдан бөлек «Жылдың үздік спортшысы», «Жылдың үздік дәрігері», «Жылдың үздік мұғалімі», т.б. аталымдар бойынша жеңімпаздар есімі аталды.