Биыл төл теңгенің айналымға енгеніне – 30 жыл. Ұлттық валюта күні қарсаңында елордада «Теңге – тәуелсіздік символы» атты көрме ашылды. Экспозицияға 200-ден астам экспонат қойылған. Келушілер назарына теңгенің алғашқы үлгілері, инвестициялық және коллекциялық монеталар ұсынылды. Еске салайық ұлттық валютаның ең бірінші данасы Ұлыбританияда шығарылғаны белгілі. Ал алғашқы қазақстандық монеталар Германияда соғылды.
Ғалым Байназаров, ҚР Ұлттық банкінің
бірінші төрағасы (1992-1993 жж.):
- Біз Қазақстанда
дизайнының алғышартын өзімізде жасадық. Соныменен Лондонда желтоқсан айының
ортасында мен теңгенің алғашқы экземплярына қол қойып, өндіріске еңгіздік. Біздің
таңдауымыз дұрыс болды. Біздің банкнотаның сапасы үлкен банкнот шығаратын
фабрикалар өнімдерінен әлдеқайда жоғары болды. Сөйтіп, біздің теңге сапасы
бойынша 1994 жылы Ұлыбритания
төрайымының алтын медаліне ие болды.
Көп ұзамай 1995 жылы Қазақстанда ақша басатын фабрика ашылды. Өзімізде шыққандарының да сапасына мін түспеді. Халықаралық банкнот қауымдастығы 2011, 2012 және 2013 жылдары теңгені әлемдегі ең үздік қағаз ақша ретінде таныды. Қазақстан бұл байқауда үш мәрте жеңімпаз атанған жалғыз мемлекет. Теңге бүгінге дейін осы текті халықаралық байқауларда түрлі марапатқа ие болуда.
Жомарт
Қажмұратов, ҚР Ұлттық банкінің банкнот фабрикасының директоры:
- Біріншісі
қоғамдық, себебі әр адам өзі ешқандай құрылғысыз оны біле алады. Қараған бұрышын өзгертсеңіз ол өзінің түсін
өзгертеді. Бұл бірінші екншісі үлкен дүкендерде УВИ лампалар немесе инфраред
дейтін арнайы құрылғылар бар солармен тексереді. Үшінші деңгейді
эксперттік-криминалистік деп атауға болады. Ол бойынша күйіктің ішінен осы ақша
20 мыңдық немесе басқада деңгейдегі ақша деп біле аламыз. Төртінші деңгей ол
тек қана Ұлттық банк білетін өз элементтері бар. Ол қазіргі нано технология.
Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Әбілқайыр және Абылай хан. Еске салайық, ең алғашқы теңгенің қасбетіне елдің мәдени, саяси өмірінде өшпес із қалдырған тариxи тұлғалардың бейнесі басылған. Екінші серия «Әл-Фараби» деп аталды. Кейін «Бәйтерек» деп аталатын үшінші буыны шығарылды. Қазір ұлттық валютаның төртінші толқыны айналымда жүр.