Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы қазір Түркияда жүрген барлық отандастарымызды сақ болуға шақырды. Әсіресе, адамдар көп жиналатын жерлерде барынша абай болуға кеңес береді. Еліміздің шетелдік өкілдігі түрік билігімен үнемі байланыста. Абырой болғанда зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ.
Еске салайық, кеше Ыстамбұлдың халық шоғыры көп Истикляль көшесінде жарылыс болды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 81-і түрлі деңгейде жарақат алды. Елдің вице-президенті Фуат Октай жарылыс террорлық әрекет деп танылғанын айтады.