Осы жылдың бес айында Қазақстанның экспорты 34 миллиардтан астам АҚШ долларын немесе 37,2%-ті құрады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Ведомство Грузияға жеткізілімдердің 7 есеге, Канадаға 6 жарым еседен астамға, Мароккоға 5, Оңтүстік Кореяға 4, Жапонияға 3 және Түркияға 2 есеге артқанын атап өтті. Ал экспортты жеделдету бағдарламасы аясында отандық өнімді Ресейге, Өзбекстанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Сауд Арабиясы мен Әзербайжанға көбірек жөнелту көзделген. Орталық Азия елдері, Қытай, Түркия, Еуропа мемлекеттері, АҚШ және Иран басым нарықтар болып қала береді. Негізінен өңделген өнімді ілгерілету жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында азық-түлік, металл бұйымдары, жабдықтардың жекелеген түрлері, жанар-жағармай бар.