Қазақстанда егіс жұмыстары толығымен аяқталды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 24 млн гектарға жуық ауыл
шаруашылығы алқаптарына дән егу жұмыстары жүргізілді. Егістік алқаптардың
құрылымын әртараптандыруға ерекше назар аударылды. Бұл ретте егін айналымының
ғылыми негізделген нормалары, климаттық тәуекелдерге төзімділік және нарықтық
үрдістер ескерілді. Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг арқылы алу
көлемі 250 млрд теңгені құрады. Биыл жоғары рентабельді және сұранысқа ие
дақылдардың егіс алқаптары ұлғайтылды. Мысалы, майлы дақылдар алқабы 500 мың
гектарға, азықтық дақылдар алқабы 100 мың гектарға көбейді. Жалпы көлемі 6,5
млн гектардан асады. Сарапшылар бұл елдің ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге
және агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыру үшін жағдай жасауға
мүмкіндік береді деп отыр. Айта кетейік, биыл егін егуге 700 млрд теңге
бөлінді.

