Қазақстандықтар құжаттардың мерзімі аяқталғаны туралы sms-хабарлама алады

Қазақстандықтар құжаттардың мерзімі аяқталғаны туралы sms-хабарлама алады

Қазақстандықтар құжаттарының жарамдылық мерзімі аяқталғаны туралы sms арқылы алдын ала хабардар етіледі. Жеке куәлік, жүргізуші куәлігі немесе төлқұжаттың қолданыс уақыты тәмамдалуға жақын екендігі жөнінде  30 күн бұрын ескертіледі. Әкімшілік құқық бұзушылықтар санын азайтуға бағытталған жаңашылдық 1 сәуірден бастап енгізілді.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі қолданыстағы ережелерге сәйкес, егер құжаттың жарамсыздық мерзімі бір айдан аз уақытқа кешіктірілсе, онда оның иесі тек ескертумен ғана шектелетіндігін айтады. Егер заңбұзушылық бір айдан асса, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл 20 мың теңгеден сәл асады.

Sms-хабарлама алғысы келетін қазақстандықтар eGov.kz порталдағы жеке кабинетте ұялы телефон нөмірін көрсетуі тиіс.