Елімізде алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен әр өңірден 20-дан астам мұғалім аталмыш марапатқа ие болды. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кету керек, бұл мемлекеттік награда мұғалімдерге үздік жетістіктері мен мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін беріледі. Жоғары атаққа ие болған педагог 3 миллион теңге шамасында, яғни 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алады.