Қазақ тілінде экологиялық мультсериал жарық көрді

Қазақстанда тұңғыш рет қазақ тілінде балаларды экологиялық мәдениетке тәрбиелейтін мультсериал жарық көрді. Жеті бөлімнен тұратын  анимациялық бейнешығарылым топтамасының басты кейіпкері жастайынан табиғатты аялап, аң-құс пен өсімдіктер сынды тірі ағзаларға қамқорлық жасауға дағдыланады. Сериалда ғаламшардың ластануы, табиғи қорлардың сарқылуы сияқты жер-жаһандық маңызға ие тақырыптар балаларға түсінікті тілмен қызықты жеткізілген. Яғни, экожүйені сақтаудың дүйім жұртқа ортақ қарапайым амалдары тізілген. Кішкентай көрермендерге жол тартқан танымдық әрі тәрбиелік туындыны әлеуметтік желілерден табуға болады.

Айдана Құлбатырова, қазақстандық қоғамдық даму институтының ruh.kz порталының продюсері:

- Ауаның ластануы жалпы судың дұрыс тұрғыда тиімді пайдалануы және қоқыстың зияны, сонымен бірге пластмассалық қалдықтардың зияндығы сынды бірнеше тақырып қозғалған болатын. Бұндай бейнероликтерді алдағы уақытта түсіру және оны кеңейту, одан әрі әдемі етіп түсіру, балаларға танымды ете түсу сынды дүниелерді ескеретін боламыз. Бұндай жобалар алдағы уақытта көбейіп танымды болады деп айта аламыз.