Мәдениет және спорт министрлігі мұндай көрсеткіштерге 2030
жылға дейін жетуді көздеп отыр. Ведомство өз елінде демалуды жөн көретін
қазақстандықтардан бөлек, еліміздің тұмса табиғаты мен көрікті жерлері шетелдік
саяхатшыларды да қызықтыратынын атап өтті. Жалпы, жыл басынан бері Қазақстанға келген
туристер саны 11%-ке көбейген. Саяхатшылардың
дені Ресей, Түркия, Таиланд, Өзбекстан,
Біріккен Араб Әмірліктері және Грузиядан. Сарапшылардың болжамына сәйкес, 2030
жылға қарай Қазақстанға 4 миллионға жуық шетелдік келуі мүмкін.
Ақмарал Меңлібек, ҚР МСМ туризм индустриясы комитетінің бас сарапшысы:
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың
бірінші тоқсанында отандық туристер саны бір миллион 348 мың адамды құрады. Бұл
ретте шетелдік туристер саны 228 мың саяхатшыға тең келген. Сондай-ақ жыл
соңына дейін отандық туристер саны 9 миллион, ал шетелдік туристер саны бір
миллион 400 мың адамды құрайды деп болжап отырмыз. Сонымен қатар туристер
арасында сұранысқа ие, танымалдылығы мол өңірлерге келер болсақ, көш басында Алматы,
Астана, Шымкент қалалары мен Атырау облысы тұр.