Еліміз әлем төлқұжаттары
рейтингінде өз позициясын жақсартты. Сонымен отандық құжат 68 орыннан 2 саты жоғары көтерілді. Қазақстан жуырда Джибути, Қытай,
Индонезия және Суринаммен визасыз жүру туралы
келісімшарттар жасасты. Индекс халықаралық әуе көлігі
қауымдастығының мәліметтеріне негізделген. Әлемдегі ең ықпалды
төлқұжаттардың рейтингіне келер болсақ, Сингапур көшбасында тұр. Бұл ел азаматтары дүниежүзінің 192 еліне визасыз бара
алады. Екінші
орынға Германия, Италия және Испания көтерілді. Олардың тұрғындары 190
мемлекетке бара алады. Үшінші орынды Австрия, Люксембург,
Финляндия, Франция, Швеция, Оңтүстік Корея және Жапония бөлісті. Бұл елдердің төлқұжат
иелері 189 елге визасыз саяхаттай алады.