Елордада «Жаңа Қазақстан» кеңістігі өз жұмысын бастады

Елордада «Жаңа Қазақстан» кеңістігі өз жұмысын бастады

Елордада «Жаңа Қазақстан» интеллектуалдық кеңістігі пайда болды. Жоба ел дамуының стратегиялық бағыттары бойынша бастамалар мен ұсыныстарды бірлесіп әзірлеуді қарастырады. Сарапшылар оның алғашқы отырысында «Жаңа геосаяси жағдайдағы Қазақстан: трендтер, сын-қатерлер және стратегиялар» тақырыбы төңірегінде ой-пікір бөлісті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

– Жүргізіліп жатқан реформалар саяси жүйені кешенді трансформациялауды және демократияландыруды көздейді. Жаңа Қазақстан бағдары құқықтық жаңғыртудан ауқымдырақ және ол экономикалық, әлеуметтік, құндылық сияқты көптеген басымдықты қамтиды. Бұл істе интеллектуалдық бағыттың да маңызы зор. Ел дамуының жаңа кезеңіндегі міндеттерді іске асыру үшін сапалы интеллектуалды қолдау және зияткерлік әлеуетті арттыру қажет.