Қазақстандық ЖОО басшылары
жетекші британдық университеттердің озық тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік
алмасып қайтты. Бұл биыл елде іске қосылған «Университет басшыларына арналған
көшбасшылық» бағдарламасы аясында мүмкін болды.
Ол отандық ректорлар, проректорлар, декандар мен кафедра жетекшілерінің
біліктілігін арттыруға бағытталған. 9 кезеңді қамтитын жобаның асяында оқу
ордаларын тиімді басқару, құндылық бағдарларын құру және академиялық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету
мәселелері қаралды. Интерактивті модульдердің бірі халықаралық тәжірибені
көздейді.
Серік Мақыш, Л.Н Гумилев атындағы
ЕҰУ проректоры:
-Ағылшын университеттерінен
өзіміздің университетке қатысты білім беру бағдарламаларын жетілдіруде
стратегияны жасап, оны қалыптастырып, іске асыруға байланысты, сонымен қатар
дарынды кадрларды іздестіру, оларды басқаруға байланысты көптеген тәжірибе
жинақтадық. Мен академиялық мәселелер жөніндегі проректор ретінде өзіміздің
стратегияларымызға өзгерістерді осы барған жерлердегі біздің
білген-түйгендеріміздің бәрін өзімізге алып қосып жатрмыз деп айта аламын.