Елімізде су тасқыны болған өңірлерден мыңға жуық адам эвакуацияланды. Оның тең жартысы уақытша орналастыру бекеттеріне жеткізілді. Өзгесі уақытша туыстарын паналауда. Төтенше жағдайлар министрлігінің ахуалдық орталығының хабарлауынша, осы мақсатта жергілікті билік арнайы эвакуациялық пункттерді алдын ала дайындаған. Бүгінгі таңда су тасқынын келген шығындарды есептеуге арналған комиссия құрылды.
Жомарт Асқаров, ҚР ТЖМ ТЖ Департаменті бастығының орынбасары:
– Күрделі жағдай БҚО, Ақтөбе облыстарында орын алуда. Сол көмекке Батыс Қазақстан облысынан, Маңғыстау облысынан және Атырау облыстарынан қосымша күштер мен құралдар көмек жіберілген болатын. Қазіргі таңда олар сол БҚО жұмыстарын атқаруда.
Дегенмен еліміздің 340 елді мекенінде су басу қаупі жойылды және 385 елді мекенде қауіп барынша азайтылды. Бүгінгі күні су тасқыны қаупі бар 285 аймақта ықтимал қауіп сақталуда.