Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізді

гуманитарлық және сауда миссиясымен Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Кабулға барды. Сапар барысында еліміздің делегациясы ауғандық әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізіп, онда Қазақстанның екіжақты сауда-экономикалық және энергетикалық байланыстарды дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Сондай-ақ, бірлескен бизнес-форум барысында тараптар Ауғанстанға республикадан 4 миллион долларға ұн жеткізу туралы келісті.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі:

- Қазіргі уақытта біздің сауда-саттық қарым-қатынасымыз өте жақсы, 1 млрд долларға жетті. Оның ішінде көбі Қазақстанның экспорты. Ұн, бидай, күнбағыс майы, металл бар ішінде. Әрине қазіргі уақытта басты мақсатымыз ұлғайту. Ең кемінде 3 млрд-қа жетуге мүмкіншілігіміз бар Ауғанстанмен бірге. Қасымда келген тек бизнесмендер бүгін. 18 Қазақстанның кәсіпкерлері, ұйымдары, ұн шығарады, транформатор, басқа да тауарларды. Қазір бір осында Қазақстанның суда үйін ашамыз.

АУҒАНСТАНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ САУДА ҮЙІ АШЫЛАДЫ

Сонымен қатар Қазақстан Ауғанстанда сауда үйін ашады. Оның негізгі кеңсесі Герат қаласында орналасады деп күтілуде. Сауда үйінің негізгі міндеттері – екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарын жәрдемдесу және жандандыру, тауар айналымын ұлғайту, аймақтық сауда-экономикалық, көлік және логистикалық байланыстарды дамыту, сондай-ақ, Қазақстан экономикасына инвестициялар тарту.