Мемлекеттік қолдау шаралары
аясында Туризм саласындағы кәсіпкерлер 480 млн теңгеге
қол жеткізе алады. Бұл бизнесмендерге шығындарын ішінара өтеуге
көмектеседі. Бүгінге дейін Мәдениет және
спорт министрлігі отызға жуық өтінішті мақұлдады. Естеріңізге сала кетейік,
өткен жылдың басынан бастап Қазақстанда туризм саласындағы кәсіпкерлерді
мемлекеттік қолдаудың 7 жаңа шарасы қолданысқа енген, олардың ішінде – белгілі
бір шығындарды ішінара өтеу де бар. Мәселен, туробъектілерді салу және
реконструкциялау үшін кәсіпкерлерге 10% өтемақы төленеді. Дәл сондай қолдау
кәсіпкерлік субъектісіне жол бойындағы қонақ үйлер, жанармай құю бекеттері,
сауда және дәмханалардың құрылысына бөлінеді. Туристік автобустар мен тау
шаңғысы курорттарына арналған жабдықты сатып алу шығындарының төрттен бір
бөлігі көлемінде өтемақы төленеді. Ведомствода атап өтілгендей, бағдарлама
жүзеге асырылғалы туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер арасында оны
пайдаланушылар қатары артқан.