Қазақстандық спортшылар Токио олимпиадасына 96 жолдама жеңіп алды

Токио олимпиадасына ұлттық құрама жасақталды. Садақ атудан соңғы 20 жылда алғаш рет 3 бірдей қазақстандық садақшы Олимпиада ойындарында командалық жарысқа қатысады. Бұған қоса 2004 жылы Афинада өткен төрткүл дүние тартыстарынан кейін алғаш рет 3 отандық велошабандоз топтық жарыста бақ сынайды. Сондай-ақ олимпиада тарихында алғаш рет тректі велоспорт бойынша 3 жолдама бұйырды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәлімдеуінше, Қазақстан бірінші рет Олимпиада бағдарламасына жаңадан енген спорттық құзға өрмелеу және каратэден бап таластыратын болады. Жалпы Қазақстандық спортшылар Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 27 спорт түрінен 96 жолдама жеңіп алды. Ұлттық құраманың соңғы әрі нақты тізімі 5 шілдеден кейін белгілі болады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов