Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев Токиодағы Паралимпиадада ел қоржынына алтын жүлде салды. Пауэрлифтингтен 54 келі салмақта сынға түскен ол 172 келі көтерді. Бұл – Давидтің спорттық мансабындағы ең ірі жеңісі.
2018 жылы ол Азия Пара ойындарында күміс медаль еншілеген еді. Кейін араға бір жыл салып елордада өткен Әлем чемпионатында 5-орынға тұрақтаған. Ал биыл Тбилисиде өткен Әлем кубогіне қатысып, алтын алды.