Қазақстандық педагогтар шетелде тәжірибеден өтеді

Қазақстандық педагогтар шетелде тәжірибеден өтеді

Қазақстандық педагогтар жетекші шетелдік білім ордаларында өндірістік тәжірибеден өтеді. Атап айтар болсақ, жаңа оқу жылында алматылық 50 мұғалім Финляндия мен Эстонияға жіберіледі. Бұл туралы отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен өткен білім форумында айтылды.  Сонымен қатар 2023 жылдан бастап инклюзивті білім беру бойынша мұғалімдерді даярлаудың арнайы бағдарламасы іске қосылады. Бағдарламаға колледж оқытушылары да қатысады. Сондай-ақ, кәсіби-техникалық білім беретін мекемелерде дуальды оқыту жүйесіне басымдық беріліп отыр.

Марат Ғабдуллин, Алматы полиграфиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері:

– Яғни, 40 пайызы лекция болса қалған 60 пайызы тәжірибе болуы керек. Балалар жұмысқа орналаспас бұрын қай жерде, қалай жұмыс істеу керектігін үйрету. Одан кейін тәжірибені екі есе біліп қайту.