Қазақстандық паралимпиада құрама командасы Токиоға ұшты. 26 адамнан тұратын құрама команда Алматы қаласынан аттанды.
XVI жазғы Паралимпиада ойындары Жапония астанасында 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. Атлеттеріміз ел намысын спорттың жеті түрінен қорғайтын болады.
Айта кетейік, қазақстандық паралимпиадашылар жүзу мен дзюдодан жеті лицензия, пауэрлифтингтен бес лицензия, тхэквондодан үш және жеңіл атлеттер екі лицензия жеңіп алған болатын. Сондай-ақ отандық спортшылар алғаш рет параканоэ мен парапулалық ату сияқты спорт түрлерінен бақ сынамақ.
Ерлан Сүлейменов, ҰПК Бас хатшысы:
- Бізге жанкүйер болыңыздар! Бізде сәтті ойындар көп болады деп үміттенеміз. Спортшыларымыздың жігері мықты. Менің ойымша, көруге тұрарлықтай дүние болады. Сәттілік!