Бүгін Қазақстанда «Жаңару күні» аталып өтілуде.
Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні өмірдің жаңа кезеңнің басталуын, жалпы
жаңғыру мен жетілуді білдіреді. Сарапшылардың пайымынша, бұл, сонымен қатар
мемлекет соңғы жылдарда қолға алған ауқымды реформалардың нәтижесінде тың өзгерістерді саралайтын кез. Бұл ретте
конституциялық реформа, сайлау туралы заңдағы өзгерістер мен жалпыхалықтық
референдум өткізуді атап өту керек. Осы қадамдардың барлығы да ел игілігінің
қамы.

