Астананың онкохирургтері операциядан кейін омырауды
қалпына келтірудің инновациялық тәсілін ойлап тапты. Осы арқылы емделушінің
сыртқы келбетін сақтап қалып, қалыпқа келу үрдісін жылдамдатуға болады.
Жаңашылдық отандық ғалымдар ойлап тапқан импланттың көмегімен жүзеге асырылады.
Қазір клиникалық зерттеулер кезеңі өтіп жатыр. Жыл басынан онкологиялық
орталықта осындай 30 операция жасалған. Ешқандай асқыну белгілері болған жоқ.
Надежда,
Пациент:
- Маған операция
жасады. Нәтиже мен күткеннен де жақсы болды. Өте ризамын, көзіме жас алдым.
Енді белгілі бір уақытқа дейін кеңес алып, дәрігерлердің бақылауында боламын.
Тиісті тексеруден өтіп тұрамын.
Омыраудан қатерлі ісікті алғаннан кейін бірден қалпына
келтіру басталады. Силикон импланттың көмегімен сүт безі жасалады. Осы арқылы
омыраудың пішіні пайда болады. Мамандар нәтижесінде әйелдердің денсаулығы да,
психологиялық жағдайы да жақсарады деп отыр.
Бауыржан Анапия, Ұлттық ғылыми
онкологиялық орталықтың аға ординаторы:
- Сүт безін қайта қалпына келтіруден
бөлек, ең өзекті мәселелердің бірі - лимфодеманың дамуы. Лимфа түйіндерінің көп
мөлшерін алып тастау арқылы операция кезінде қолдар ісіп кетеді. Біз
профилактикалық лимфовенулярлық анастомоздарды қолданамыз. Бұл екінші
лимфодеманың даму қаупін айтарлықтай, іс жүзінде нөлге дейін төмендетеді.

