«Қазіргі заманғы көшпенді». Дәл осындай мәртебені Қазақстанның 17 облысы мен үш мегаполисінде орналасқан 20 үздік орынға барған саяхатшы ие бола алады. Ең басты міндет турист белгіленген орындарға жай барып қана қоймай, сонда орнатылған фотозонаға арнайы суретке түсіп, әлеуметтік желіге «Neonomad2022» хэштегімен суретті жүктеуі тиіс. Ондай фотоға түсетін алғашқы орын қазір елордадағы «Нұрлы жол» бульварында пайда болды.
Талғат Аманбаев, «Kazakh Tourism» ҰК АҚ басқарма төрағасы:
– Бұл акция алғашқы қадамдардың бірі ғана. Бірінші осындай фоторамкалар, кейін квест ойлап табу жоспарымызда бар. Мысалы, бүгін ол орнатылған 20 фотозонаның жанына фотоға түс болуы мүмкін, ертең ұлттық парктердің барлығына бар, ал кейін тіпті ұлттық саябақтардағы қоқыс тазалау болуы мүмкін. Қазір фоторамкалар тек бірнеше қалаларда орналастырылды, бірақ жергілікті әкімдіктер, жеке серіктестеріміз бізге қолдау көрсетуде. 1-ші тамызға дейін барлық 20 фоторамканы орнатып үлгереміз деп уәде етілді.
«Неономад-2022» акциясының алғашқы қатысушыларының бірі 72 жастағы жиһанкез Сәрсенбай Қотырашов болды. Елордаға жаяу жеткен қария бірден бас шаһардың көрікті орындарын аралап, естелік суретке түсті. Қазір елорданың төрінде орналасқан фотоға түсуге арналған орын күн санап жүздеген қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын оятуда. Олардың айтуынша, мұндай нысандар қаланың сыртқы келбетін едәуір тартымды ете түседі.
Гүлнар Балғұланова, турист:
– Меніңше, туристер мен көшпенділер бірдей. Қазірдің өзінде таң қалдым, Бәйтерекке келушілердің көбісі сырттан, мысалы Башкириядан, Ресейден арнайы келіпті. Бұл мені шыны керек қуантты. Нұр-Сұлтанда мен 5 жыл, 2007 жылдан 2012 жылға дейін тұрдым. Қазір бас қала әрине өте қатты өзгерді. Әрлене түскен бас қаланы жақсы көрмеу мүмкін емес.
Мадина Оксукбаева, турист, Ресей:
– Көшпенділік бұл өмір де, ал саяхаттау, саяхатшылар бұл өмір салты ғой. Біздің Қазақстанға саяхатымыз айтарлықтай үлкен болды. Мысалы, біз Жетіқарада, Алматыда, Қарағандыдан өтіп Нұр-Сұлтанға жеттік. Мұнда көрікті жерлер өте көп екен, бір сөзбен Нұр-Сұлтан өте замауани қала.
Акцияға қатысушылар мен оның жеңімпаздарын «Қазақ туризм» компаниясы бағалы сыйлықтармен және марапаттармен елеп-ескеруге уәде берді. Жобаның қорытындысы тек жыл соңына қарай белгілі болады. Дегенмен, шара жыл сайын өз жалғасын табады. Сондықтан «қазіргі заманғы көшпенді» мәртебесін болашақта кез келген саяхатшы ала алады.