Қазақстанда жер
сілкінісі туралы болжам жасап, озон қабатының қалыңдығын анықтайтын, жер
бедеріне жақын аумақтағы астрономиялық құбылыстарды бақылайтын және жасанды жауын-шашын шақыратын
аппарат жасалды. Жас өнертапқыш мектеп оқушысы осы құрылғыны жасауға 3 жыл
уақыт жұмсаған екен. Наноспутник екі шаршы қорап пен күн панельдерінен
құрылған. Ішінде, қуаттағыш, өлшегіштер мен бүкіл үрдісті басқаратын арнайы бағдарлама
бар. Құрылғыны стратосфераға көтеру арнайы зондтың міндеті. Әр жер қабатында
аппарат гео-ақпараттарды жинайды.
Шолпан Амангелді,
жоба авторы:
- Бұл
геоақпараттарды жаңа технологияларды енгізу үшін пайдаланылады. Мәселен, теңіз
деңгейінен 800 метрлік өлшемді жасауға болады. Ол үшін шағын жер серігін
стратосфераға дейін көтереміз. Бұдан кейін, гелий шарын қолдана отыра жер серігін
50 шақырымға дейін жібереміз. Онда тағы жаңа ақпарат жинаудан үміттіміз. Сол
кезде сол ақпаратқа сүйене отыра жасанды жауын-шашын шақыру мүмкін болады деп
ойлаймыз.
Ғарыштық зертханада оқушылар техногендік апаттарға бейім аймақтардағы топырақ пен өсімдіктерді қалпына келтіру бағытында зерттеулер жасайды. Жас ғалымдар мына екі телескоптың көмегімен күннің белсенділігі мен аспан әлемін бақылай алады.
Валерий
Никифоров, Оқушылар сарайы директорының орынбасары:
- Болашақта соңғы
үлгідегі астрофизикалық обсерватория орнатуды жоспарлап отырмыз. Себебі
оқушылар тарапынан сұраныс бар. Заманауи Қазақстан экономикасыың да талабы осы
болғандықтан аталмыш бағытты кеңейтіп жатырмыз.