Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жаңа автобустар іске қосылды. Шахар көшелеріне Қытайда жасалған 700 қоғамдық көлік шықты. Олардың барлығы борттық компьютерлермен және GPS-жүйелермен жабдықталған. Енді диспетчерлік пункттің мамандары нақты уақыт режимінде автобустардың орналасқан жері мен қозғалыс жылдамдығын қадағалайды. Жол ақысын төлеу де цифрлық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус, дауыстық құлақтандыру жүйесі қарастырылған. Айта кетейік, жаңа автобустарды іске қосу туралы шешім Түрікменстанның 2052-ші жылға дейінгі ұлттық даму бағдарламасы аясында қабылданды.
Ахмед Байрамов, Түрікменстанның Жол қозғалысын қадағалау жөніндегі мемлекеттік кәсіпорны бөлімінің маманы:
- Біз көліктің қайда екенін, бағыттан ауытқуын, жылдамдық режимін қаншалықты сақтайтынын көріп отырмыз. Осының бәрі қаладағы жағдайды бақылауға мүмкіндік береді. Егер жолаушылар көлігі кідірсе, біз бұл туралы бірден хабарлаймыз. Бұл тұрғындардың қоғамдық көлікті пайдалануды ыңғайлы еттеді.
Ван Цян Блус, «Yutong Bus Co. LTD» IТ- өнімдері бойынша менеджері:
- Бұл жүйе Көлік министрлігінің қызметкерлеріне автобустар туралы негізгі
ақпаратты қашықтан қарауға, нақты уақыттағы камералардан бейнелер алуға, сондай-ақ
отын шығынын және басқа да статистикалық деректерді талдауға мүмкіндік береді.
Осы экрандарда жүйенің тиісті беттерін көре аласыз. Ол барлық автопарктің
бірыңғай мониторингін өте ыңғайлы және тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

