Қазақстандық мектептер ЭЫДҰ халықаралық зерттеуіне қатысады

Қазақстандық мектептер ЭЫДҰ халықаралық зерттеуіне қатысады

Сауалнама түрінде өтетін сынақты экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізеді. Талдау жұмыстарына еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 5 өңірінен  800  мұғалім, 42 мектеп директоры тартылмақ.  Бұл мұғалімдердің еңбек жағдайы мен мектептердегі білім ортасын бағалайтын жалғыз ауқымды халықаралық зерттеу. Ондағы жинақталған мәліметтер педагог кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру, мұғалімдерді ынталандыру және оқу бағдарламаларын әзірлеуде пайдаланылатын болады. Яғни, білім жүйесінің осал тұсын анықтауға және сапасына тәуелсіз баға алуға мүмкіндік береді. Еске салайық, ағарту ісіне бұндай кешенді сараптама алты жылда бір рет жүргізіледі. Қазақстан TALIS зерттеуіне алғаш рет 2018 жылы қатысты.