Қазақстанда өткен тәулікте 821 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Осылайша, ел бойынша жазылғандар саны – 132 427 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 739 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 147 975.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 17719
Алматы қаласы - 17612
Шымкент қаласы - 5457
Ақмола облысы - 6687
Ақтөбе облысы - 3634
Алматы облысы - 6556
Атырау облысы - 12623
Шығыс Қазақстан облысы - 18354
Жамбыл облысы - 4858
Батыс Қазақстан облысы - 8867
Қарағанды облысы - 11730
Қостанай облысы - 6940
Қызылорда облысы - 3345
Маңғыстау облысы - 3591
Павлодар облысы - 8389
Солтүстік Қазақстан облысы - 8028
Түркістан облысы - 3585
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 190 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 119 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 44 604, 479 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32 347 жетті.