Қазақстанда жоғары өңделген өнім өндіру кластері құрылады

Қазақстанда жоғары өңделген өнім өндіру кластері құрылады

Қазақстанда жоғары өңделген өнім өндіру кластері құрылады. Оның көздегені жоғары өнімді және экспортқа бағытталған өңдеу өнеркәсібін дамыту. Бүгінгі таңда Үкімет инвестиция көлемі 15 трлн теңгеден асатын 17 ірі жобаның тізбесін бекітті. Оларды жүзеге асыру бірқатар маңызды экономикалық нәтиже береді деп күтілуде.

Атап айтқанда, қайта өңдеу арқылы болат құю өндірісін 100% шикізат базасымен қамтамасыз ете отырып, өндіріс ауқымын 6 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған. Ал мұнай өңдеу қуаттарын жаңғырту қара алтын өңдеу көлемін жылына 24 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.  

Сонымен қатар, жылына 1 250 мың тоннаға жуық полиэтилен өндірісін іске қосу, қосылған құны жоғары крахмал, глюкоза мен фруктоза сияқты азық-түлік өнеркәсібі өнімдерінің экспортын ұлғайту көзделген. Аталған жобаларды іске асыру отандық өнімдер экспортын 6 трлн теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ отандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттар жасасуға ықпалы зор.