Қазақстанда жеке құжаттардағы деректерді өзгертуге болады

Бұдан-былай қазақстандықтар  өзінің аты-жөні мен  жеке құжаттардағы  өзге деректерді онлайн түрде өзгерте алады. Электрондық үкімет порталында ел азаматтары сондай-ақ, туу, неке қию және оны бұзу, бала асырап алу, қайтыс болу туралы мәліметтерді үйден шықпай-ақ, қашықтан түзеу мүмкіндігіне ие. Ұлттық ақпараттық технологиялар мамандарының пайымдауынша, ол үшін өзгеріске ұшырайтын деректерді ауыстыруға негіз болатын нақты мәліметтер келтіру керек. Өтініш құпталып түзету енгізілгенін eGov.kz порталынан білуге болады. Кейін дайын құжатты ХҚКО-нан алып кету қажет.

 

Олжас Стамбеков, Ұлттық ақпараттық технологиялар қоғаммен байланыс басқармасының бастығы:

 

-Енді азаматтар қажет болған жағдайда eGov.kz порталындағы актілік жазбаларға өзгерістер енгізе алады. Онда баланың тууы туралы, өз атын, тегін және әкесінің атын өзгерту, некеге тұру және оны бұзу, бала асырап алу туралы актілік жазбаларындағы деректерді ауыстыра алады.  Ол үшін дәлелдік негіздеменің болуы, мүдделі тұлғалар арасында даудың болмауы және оны растайтын құжаттарды бекіту қажет. Осы қызметтің көмегімен сіз өзгертулер енгізілген құжаттарды қайта шығаруға өтініш бересіз. Мысалы, егер бұрын фамилияны өзгерту үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек болатын. Қазір оны кезекте тұрмай-ақ электронды түрде жасауға мүмкіндік жасалып отыр.