Қазақстанда жастарға арналған цифрлық платформа әзірленуі мүмкін. Онда олар азаматтық қоғамды дамытуға, мемлекеттік аппаратты реформалауға, сондай-ақ өз бизнесін ашуға қатысты идеяларын ұсына алады. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов пен түрлі жастар бірлестіктері өкілдерінің кездесуінде белгілі болды. Жиын барысында өзге де мәселелер талқыланды. Оның бірі алдағы референдумға қатысты болды.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
– Бүгін көтерілген жастардың негізгі сұрағы мына референдумға байланысты. Болатын өзгерістерді жастардың терең білетінін мен бүгін байқадым. Екіншіден, мына қабылданатын бағдарламаға байланысты шешімдердің жолдары да біраз анықталды. Біраз шешілген сұрақтар да бар.