Мемлекет басшысы Ереванда жойқын жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға көңіл айту жеделхатын жолдады. Қазақстан Президенті барша армян халқына көз жұмған және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтатынын жеткізді.
Айта кетейік, бүгін Арменияда аза тұту жарияланды. Тиісті шешім үкіметтің сайтында жарық көрді. Осыдан бірнеше күн бұрын Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында жарылыс болып, 16 тұрғын қаза болған. 60-тан астамы жарақат алды. Екі адам із-түссіз жоғалғандар тізімінде. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқару жұмыстары жалғасады.