Қазақстан цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде

Қазақстан цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде

Қазақстан цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде аймақтағы елдерді ғана емес, Еуропа мен Америкадағы бірнеше мемлекеттерді басып озды. Еліміз 2022-і жылдың қорытындысы бойынша 63 мемлекеттің ішінде 36-ы орынға жайғасқан. Португалия, Италия, Мажарстан, Хорватия, Үндістан, Польша, Румыния, Бразилия, Түркия секілді алпауыттарды артта қалдырғанын да атап өткен жөн. Финпром.кз. порталының мәліметінше, бұл халықаралық айти-рейтингке кіргеннің өзі цифрлық даму бойынша мемлекетіміздің беделін көрсетеді. Оның үстіне, IMD World Digital Competitiveness Ranking бұл тізімге бүкіл ТМД мен Орта Азия елдерінің ішінде тек Қазақстанды қосты. Бұдан  еліміздің цифрландыру саласындағы даму деңгейін көрсетеді. Оны халықаралық институт та растап отыр. WDC өз рейтингінде мемлекеттерді 3 негізгі фактор, атап айтсақ, білім, технология және болашаққа дайындық бойынша бағалайды.