Арасындағы ауқымдысы – «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» индустриалды технопаркі. Оның құрылысы биыл басталады деп жоспарланған. Сондай-ақ, жақын арада экономикалық аймақ аумағында суару техникасының өндірісі пайда болады.
Айта кету керек, екі нысан да Қытай компанияларының қатысуымен жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақтың тағы бір ірі жобасы – сыйымдылығы 11 млн тонна құрайтын көп функционалды жүк терминалдарының құрылысы. Сондай-ақ Шымкентте де жаңа өндіріс орындары пайда болады. Қазір ол жерде «Жұлдыз» индустриялдық аймағы құрылысы басталды. Аймақта 50 жоба пайдалануға берілмек. Атап айтқанда бұл – машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз және құрылыс индустриясы саласындағы кәсіпорындар. Ал «Бозарық» агроиндустриялық аймағында ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндіріс орны ашылады. Бірінші кезеңнің өзінде олардың саны 20-дан асады деп жоспарланған.