Аймақ әкімдігінің мәліметінше, олардың жалпы инвестиция көлемі шамамен 90 млрд теңгені құрайды. Атап айтқанда, осы жылдың соңына дейін жел электр станциясын іске қосу, ГЭС-тің үшінші кезеңін және Жоғарғы-Басқан гидростанциясының екінші және үшінші кезегін бастау көзделіп отыр. Тағы төрт «жасыл» жоба 2024 жылы жүзеге асырылады. Ал 2025 жылы өңірде баламалы энергия көздерінің тағы үш нысаны пайда болады.
Айта кетейік, елімізде электр энергиясын өндіру бойынша болжамға сәйкес, 2035 жылы жел мен күннің жалпы генерациядағы үлесі шамамен 15%-ті құрайды.